
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін қауіпті құбылыс. Ол адамдардың заңға деген сенімін азайтып, құқықтық нигилизмнің пайда болуына себеп болады. Сондықтан қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және заңды құрметтеу мәдениетін дамыту маңызды.
Бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған материалдар қоғамда оған деген теріс көзқарас қалыптастырып, адамдарды заңсыз әрекеттерге қарсы тұруға тәрбиелейді. Азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін білген сайын, заңсыз әрекеттерге бейжай қарамай, қоғамдағы әділетсіздікке қарсы тұруға дайын болады.
Заңды құрметтейтін, адал қоғам құруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы ерекше.