"Құқық кабинеті"

"Құқық кабинеті"

2023 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесуі кезінде Мемлекет басшысы азаматтардың, оның ішінде шалғайдағы ауылдардағы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Кабинеттер аудандық, ауылдық әкімдіктердің ғимараттарында, ауылдық клубтарда, сонымен қатар EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында жұмыс істейді.

Жұмыс кестесі сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.

Кабинеттер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютерлермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.

Әділет департаменті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратымен бірлесіп, 116 елді мекенде құқықтық ақпаратқа ("Заң" дерекқорына немесе "Әділет"АЖ-ға қол жеткізе алатын компьютер) қол жеткізіп, жұмыс орнын ұйымдастыра отырып, облыстың ауылдық жерлерінде "Құқық кабинеттерін" ашу және жұмыс істеу бойынша жұмыс жүргізді: Алтай ауданы-15; Глубокое ауданы -18; Зайсан ауданы -13; Катонқарағай ауданы-8; Күршім ауданы-8; Үлкен Нарын ауданы-5; Самар ауданы -8; Тарбағатай ауданы -4; Марқакөл ауданы -6; Ұлан ауданы -17; Шемонаиха ауданы -12; Өскемен қаласы-1; Риддер қаласы-1.