
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Өскемен қаласының №1 бөлімінің халыққа қызмет көрсету базасында заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, азаматтық хал актілерді тіркеу және ресми құжаттарға апостиль қою саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында осы салалармен реттелетін заңнамалық актілердің негізгі ережелері баяндалды. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушының 21.11.2025 жылғы №687 заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына толықтырулар енгізу туралы бұйрығымен танысты. Енгізілген толықтырулар коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу тәртібін реттейді, осыған байланысты аталған мемлекеттік қызметтер құрылтайшының жеке қатысуымен көрсетіледі. Сондай-ақ, коммерциялық заңды тұлғаларды бастапқы тіркеу кезінде олардың орналасқан жері жылжымайтын мүлік иесінің (меншік иелерінің) келісімімен расталады. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ресми құжаттарға апостиль қою бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны туралы деректер келтірілді, бас тартудың себептері мен негіздері талданды, оларды азайту жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Дөңгелек үстелден кейін электронды форматта мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қызмет алушыларға еgov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы қызметке тапсырыс беру арқылы e-Apostille компоненті бойынша электрондық апостиль алу жөнінде консультациялар берілді. Қызығушылық танытқан өтініш берушілерге іс-қимыл алгоритмі және онлайн-өтінімдерді берудің қадамдық бизнес-процесі көрсетілді. Азаматтық хал актілерін тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу салаларындағы мәселелер қосымша жарияланды. Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, олардың түрлері, қажетті құжаттар тізбесі және өтінім беру бойынша сервистік процесс түсіндірілді.
Іс-шараның нәтижелері бойынша қатысушыларға қажетті консультациялық заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.