
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен ШҚО «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасы және ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы өкілдерінің қатысумен зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау және географиялық нұсқамаларды коммерциализациялау тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау бағытындағы өзекті мәселелер, құқықтық қорғау тетіктері және талаптар арасындағы өзара іс қимылды нығайту жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау, олардың практикалық маңыздылығы және өңірлік танымал өнімдерге қатысты қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
Іс-шара екі тараптың ынтымақтастығын арттыруға, ақпарат алмасуды жүйелеуге және зияткерлік меншік саласындағы жұмыс тиімділігін күшейтуге мүмкіндік берді.