Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2020 жылдың 9 айын қорытындылауға арналған алқа отырысы

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2020 жылдың 9 айын қорытындылауға арналған алқа отырысы

21 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасовтың төрағалығымен өткен, құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен ZOOM бағдарламасы бойынша онлайн-режимде 2020 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары бойынша алқа отырысы өткізілді.

Департамент басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына ерекше назар аударды.

Талдауларда Мемлекеттік қызмет көрсету,әділет органдарының аумақтық бөлімшелерінің жұмысы, атқарушылық іс жүргізу, Министрліктің стратегиялық бағыттары бойынша тапсырмаларды іске асыру және т. б. мәселелерге ерекше назар аударылды.

Ағымдағы жылдың 9 айында департамент басшысы Нұрғали Андасовпен нақты тапсырмалар беріліп, ағымдағы жылдың 4 тоқсанына арналған басым міндеттер айқындалды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі