Борышкерге іздеу салу

Борышкерге іздеу салу

Борышкерге іздеу салу сот шешімі негізінде, сондай-ақ алимент өндіру істері бойынша да сот орындаушысының қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Борышкер әр түрлі себептер бойынша іздеуге жариялануы мүмкін, оның бірі –алименттер мен қарыздарды төлеудан жалтару. Алимент төлеуден жалтарған борышкерлер өздерінің тұрғылықты жерін жасырады, пәтерлерде тұрып, тіркеусіз жүреді.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес, борышкерді іздестіру туралы жариялаудың негіздері мыналар болып табылады:

 - борышкер- жеке тұлғаның орналасқан жерінің анықталмауы;

-оның мүлкі туралы мәліметтердің болмауы;

-сот актісін орындаудан жалтаруы;

-сот актісін орындау қажеттілігі.

Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы қаулымен атқарушылық құжат орындалатын жердегі прокуратура органдарына жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.

 Борышкерге iздеу салуды прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.

Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндiрiп алынуға тиiс.