Қазақстан Республикасының қылмыстық – процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасының қылмыстық – процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасының 2025 жылдың 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне, оның ішінде сотқа дейінгі сатысында қорғалуға құқығы бар куәгерге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (әрі қарай - Кодекс) 65-1 бабымен толықтырылды.
Кодекстің 65-1 бабының 1 тармағына сәйкес, егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған адам ретінде көрсетілсе не қылмыстық процеске қатысатын куә оған қарсы айғақтар берсе, бірақ бұл адамға процестік ұстап алу қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, онда ол қорғалуға құқығы бар куә мәртебесін алады.
Онымен қоса, Кодекстің 67 бабы қорғалуға құқығы бар куәгерге қорғаушының қатысуы мiндетті екендігімен толықтырылды.
Сонымен қатар, Кодекстің 68 бабының 6 тармағына, адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларының 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес қорғалуға құқығы бар куәгерге қатысты қаулыларға ақы төлеу қарастырылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығының 10 тармағына сәйкес арызға қорғалуға құқығы бар куәгерді қылмыстық процестi жүргізетін органның қорғаушы тағайындалған қаулысы қоса беріледі.