
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен нан өнімін өндірумен айналысатын «NAN DAY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерінің қатысуымен географиялық нұсқама мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты- нан өнімдерін өндіретін «NAN DAY» ЖШС географиялық нұсқаманы қолдану тәртібі, құқықтық талаптар және оны рәсімдеу жөнінде толық ақпарат беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және кәсіпорынның өндірістік тауарларында осы нұсқаманы пайдалану мүмкіндігін бағалау.
Семинар барысында географиялық нұсқаманың мәні мен заңдық анықтамасы түсіндірілді. Географиялық нұсқаманың белгілі бір аймаққа тән табиғи ерекшеліктер мен өндірістік дәстүрлерге негізделген өнімдерге берілетін қорғау нышаны екені атап өтілді.
Сонымен қатар, географиялық нұсқама мен тауар белгісінің айырмашылығы және кәсіпорынның брендік стратегиясына географиялық нұсқаны енгізу жолдары түсіндірілді. Алдағы уақытта географиялық нұсқама терінде тіркеу туралы Әділет департаментінің ұсынысы қаралатындығы айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптар.
Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DRj35AwDFl7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==