Қазақстан Республикасында тауар белгілерін қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасында тауар белгілерін қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20 қазанда Тарбағатай ауданаралық әділет басқармасымен ауданның кәсіпкерлер бөлімінің мамандарымен және аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара мақсаты- зияткерлік меншік құқығын қорғау аясындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту. Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасында тауар белгілерін қорғау» тақырыбында баяндама оқылды, заңнаманың нормалары, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және тіркеу жолдары, сондай-ақ бөтен тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауаптылық түрлері айтылды.

Кездесу соңында әділет органдарында зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралар туралы ақпарат айтылды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі