«Салауатты өмір салты сағаты» акциясы өткізілді

«Салауатты өмір салты сағаты» акциясы өткізілді

19 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 17 тармағын орындау мақсатында «Салауатты өмір салты сағаты» акциясы аясында Семей қаласының ауданаралық әділет басқармасының қызметкерлері мен ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандарылған ауданаралық сотының қызметкерлері арасында шахматтан жарыс өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау болып табылды.

Салауатты өмір салты – барлық әрекеттер денсаулықты және жалпы денені нығайтуға бағытталған адамның өмір салты.

Жарыс соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі