Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ZOOM бағдарламасы бойынша семинар өткізілді

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ZOOM бағдарламасы бойынша семинар өткізілді

16 қазанда Шығыс қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ZOOM бағдарламасы бойынша семинар өткізілді.

Онлайн-режимдегі семинарға Әділет департаментінің, қалалық, аудандық әділет басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ ШҚО бойынша ҚСКБ қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында департамент басшысының орынбасары Айдын Әмірханов әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған кезде қалыптастырылатын іс жүргізу актілері мен ақпараттық есепке алу құжаттарында қажетті мәліметтердің толық және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, атап айтқанда істер фабуласында мынадай деректерді көрсету қажеттігі туралы айтты: жасалған құқық бұзушылықтың орны мен уақыты, құқық бұзушылық қандай жағдайларда жасалды, іс-әрекеттің/нақты іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің құқыққа қайшылығы, құқық бұзушылыққа қатысушылардың деректерін толық көрсету, заңнаманың бұзылған нормалары неден көрініс тапты.

Өз кезегінде, Өскемен қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі аға прокуроры Арайлым Кеңесбаева, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезінде қалыптастыратын іс жүргізу актілері мен ақпараттық есепке алу құжаттарында қажетті мәліметтердің толық және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету туралы айтып берді.

Іс-шара соңында қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауаптар берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі