
20.11.2025 жылы Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен, облыстың заң қоғамдастығы өкілдерімен бірлесіп «Император» сауда кешенінде «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
Азаматтардан келіп түскен өтініштердің басым бөлігі интернет-алаяқтық, жеке тұлғалардың банкроттығы, атқарушылық жазба, мұраны ресімдеу, авторлық құқықтарды тіркеу, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу мәселелеріне қатысты болды.
Сонымен қатар азаматтарға интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, желідегі алдау тәсілдері, жеке деректерді қорғау жолдары және мұндай жағдайлар анықталған кезде уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.
Акция барысында азаматтарға атқарушылық өндіріс бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін AdiletGov мобильдік қосымшасы, сондай-ақ онлайн кеңестер алуға ЖИ «Цифрлық көмекші» чат-ботының қызметі таныстырылды, және оларды пайдалану тәртібі түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысында барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.