Пәтер иелері кооперативтерін (ПИК), Пәтер иелері тұтыну кооперативтерін (ПИТК) қайта тіркеу мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Пәтер иелері кооперативтерін (ПИК), Пәтер иелері тұтыну кооперативтерін (ПИТК) қайта тіркеу мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2025 жылғы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 9-шы корпусында филология факультетінің 4-ші курс студенттері үшін, сондай-ақ қала тұрғындарына көшелерде және дүкендерде апостиль қою және Пәтер иелері кооперативтерін (ПИК), Пәтер иелері тұтыну кооперативтерін (ПИТК) қайта тіркеу мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Студенттерге «электрондық үкімет» порталы egov.kz арқылы электрондық апостиль алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді, ал қала тұрғындарына апостиль қою тәртібімен қатар Пәтер иелері кооперативтері мен Пәтер иелері тұтыну кооперативтерін міндетті түрде қайта тіркеу қажеттілігі түсіндірілді. Студенттерге электрондық апостиль алу үшін онлайн өтінім беру жөніндегі қадамдық бизнес-үдеріс көрсетілді, ал қала тұрғындарына апостиль тақырыбынан бөлек, Пәтер иелері кооперативтері мен Пәтер иелері тұтыну кооперативтерін қайта тіркеудің тәртібі мен шарттары қосымша түсіндірілді.
Сонымен қатар, тұтынушыларды көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандыру мақсатында Әділет департаменті әзірлеген тақырыптық түсіндіру буклеттері таратылды. Бұл буклеттер ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне де мемлекеттік қызмет алушыларға тұрақты түрде тарату үшін жолданды.
Студенттермен және тұрғындармен кездесу барысында қызығушылық білдірген азаматтарға қажетті консультативтік құқықтық көмек көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.