
Авторлық құқық - сіздің жұмысыңыз қорғалған!
Сіз жасаған барлық нәрсе: мәтіндер, музыка, суреттер, дизайн — қорғауды қажет етеді. Мұны қалай дұрыс жасау керек?
Құрметті авторлар, дизайнерлер, қолөнершілер және шығармашылықпен айналысатындардың бәрі!
23 қарашада Сіздерді зияткерлік меншікті қорғау және ілгерілету мәселелеріне арналған ШҚО Әділет департаментінің мамандарымен кездесуге шақырамыз.
Кездесуде сіз авторлық құқықтың не екенін және оның заңмен қалай қорғалатынын біле аласыз; шығармаларыңызды, кітаптарыңызды, музыкаңызды, дизайнерлік және қолөнер бұйымдарыңызды қорғау бойынша практикалық кеңестер ала аласыз.
Қатысу тегін. Тіркелу қажет емес.
📅 Күні: 23 қараша сағат 10:00-де
🏛 Орын: А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана
Дереккөз: @oskemen_creative_