С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттер арасында авторлық құқықтың маңыздылығына арналған «Бөгденің еңбегін рұқсатсыз пайдаланба» атты танымдық тренинг өткізілді

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттер арасында авторлық құқықтың маңыздылығына арналған «Бөгденің еңбегін рұқсатсыз пайдаланба» атты танымдық тренинг өткізілді

19.11.2025 жылы Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттер арасында авторлық құқықтың маңыздылығына арналған «Бөгденің еңбегін рұқсатсыз пайдаланба» атты танымдық тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты жастардың зияткерлік меншікке қатысты құқықтық сауаттылығын арттыру, шығармашылық еңбектің қорғалуы, авторлық құқық объектілерін заңды түрде пайдалану және тіркеудің маңызын түсіндіру болды.

Тренинг барысында қатысушыларға авторлық құқықтың негізгі қағидалары, бөтен материалдарды рұқсатсыз қолданудың құқықтық салдары, сондай-ақ өз жобалары мен идеяларын заң жүзінде қалай қорғауға болатыны туралы ақпараттар берілді.

Студенттер тарапынан интеллектуалдық жобаларды қорғау, авторлық құқықты тіркеу жөнінде сұрақтар қойылып, оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптар берілді.