«Мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу тәртібі» тақырыпта тікелей эфир өткізілді

«Мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу тәртібі» тақырыпта тікелей эфир өткізілді

15 қазанда «Шығыс Адалдық Алаңы» жобасы аясында «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы Медиа-орталығы» РҚБ-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп онлайн қатысушылар және іс-шараға қатысқан Өскемен қалалық пәтер иелері копперативтарының төрағаларына, диалог алаңын кенейту, азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау, бюрократиялық кедергілерді болдырмау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бейсембек Әл-Сейітпен және тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Сержан Мұхамеджановпен мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу тәртібі түсіндірілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 284-VІ  негізінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілгені туралы  Бейсембек Әл-Сейітпен айтылды.  Аталған Заң ағымды жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне еңді. Заңда ТКШ-ны жаңа тетіктері қарастырылған. Ең басты қағида-бір үй-бір бірлестік-бір есепшот.

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кондоминиум объектісін басқарудың мынадай нысандарының бірін таңдауға міндетті:  мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі.

Кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері мүліктің меншік иелері бірлестігін құрады.

Бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің үштен екісінен астамы келіскен кезде мүліктің меншік иелерінің бір бірлестігін құруға құқылы.

Мүліктің меншік иелері бірлестігі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың екі немесе одан да көп меншік иесінен тұрады.

Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы жиналыста бір күнтізбелік жыл мерзімге сайланады.

Мүліктің меншік иелері бірлестігі мемлекеттік тіркелген кезінен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқықтарына ие болады.

Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

Эфир соңында, Әділет департаменті азаматтарға әр қашанда ашық екенін және қала мен облыс тұрғындары кеңес алу үшін, күнделікті Әділет Департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесіне хабарласуға мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылардан түскен сұрақтарға жауап берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі