16 қазанда Семей қаласының ауданаралық әділет басқармасының мамандарымен ZOOM бағдарламасымен бейне және аудиожазбалар арқылы онлайн-форматта жеке тұлғаларға кеңес берілді.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдау тәртібінде консультативтік көмек көрсету және мүлік иелерінің бірлестігін (ММИБ) тіркеу.
Кеңес беру барысында әділет басқармасының мамандарымен мүлік иелерінің бірлестігін тіркеу тәртібі, кворумды қамтамасыз ету, ММИБ-ті басқару нысанын таңдау, жарғыны әзірлеу және бекіту, жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу тәртібі және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдері туралы түсініктемелер берілді.
Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, онлайн-кеңеске қатысушылар азаматтарға тұрақты негізде заңгерлік көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі