Онлайн-форматта кездесу өткізілді

Онлайн-форматта кездесу өткізілді

16 қазанда Үржар ауданаралық әділет басқармасы басшысының м.а Медет Камашев және Үржар ауданаралық сот актілерін орындау бөлімінің аға сот орындаушысы Ержан Оразалиевпен  бірлесіп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 01 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария ету мақсатында ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн-форматта Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс шара барсында тыңдаушыларға игіліктер мен міндеттердің әділ бөлі­нісі. Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі. Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу. Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру. Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту. «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау. Мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау және сол үшін қоғам алдында жауапты болу туралы баяндама жасалды.

Жиынға қатысушылардың тараптарынан қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі