Халықпен кездесу өткізілді

Халықпен кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 31 қазанында халықпен кері байланыс орнату мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің "Өскемен қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі" филиалының басшысы Ф.Слямовамен және облыстың заң қоғамдастықтарының өкілдерімен бірлесіп Глубокое ауданының Зимовье ауылы тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында азаматтарға банк шоттарына тыйым салуды алып тастау, некені бұзу, алимент төлеу, тауар таңбасын тіркеу, ЖИ-агент пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктемелер берілді.

Бұдан өзге, алаяқтықтың алдын алу мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді.  Азаматтарға беймәлім тұлғалардан келген хабарламалар мен қоңырауларға сенбеу, жеке мәліметтер мен банк карталарының деректерін таратпау, тек ресми дереккөздерден ақпарат алу қажеттігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, қатысушыларға Әділет министрлігі әзірлеген «Цифрлық көмекші» чат-ботының мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл чат-бот азаматтарға онлайн форматта құқықтық кеңес алуына және жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуына мүмкіндік береді.

Барлық қойылған азаматтармен сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.