"Онлайн форматта өткен дөңгелек үстел отырысына қатысу"

"Онлайн форматта өткен дөңгелек үстел отырысына қатысу"

2025 жылғы 31 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі ШҚО Қоғамдық кеңесінің комитетімен ұйымдастырылған ҚР - да жаңадан бекітілген кондоминиум объектісін басқарудың жаңа ережелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Дөңгелек үстел барысында "жай серіктестік" кондоминиум объектісін басқару нысанын алып тастауға қатысты "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына енгізілетін жаңалықтар талқыланды. "Мүлік иелерінің бірлестігі" (МИБ) басқару нысаны және "пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі" (ПМК) басқару субъектісі бойынша 2026 жылғы 17 шілдеге дейін пәтер иелерінің әрекет ететін тұтыну кооперативтерін, пәтер иелерінің кооперативтерін қайта тіркеу қажеттілігі; мүлік иелерінің бірлестігін тіркеу үшін қажетті ұсынылатын құжаттардың тізбесі, пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерін, пәтер иелерінің кооперативтерін қайта тіркеу; оларды тіркеу (қайта тіркеу) кезінде үлгілік жарғы құжаттарының тізбесінен алып тастау сияқты өзгерістер мен толықтырулар қаралды.
Дөңгелек үстел барысында МИБ басқару нысанын, ПМК басқару субъектісін тіркеу кезінде туындауы мүмкін проблемалық сәттер талқыланды, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.