
Ағымдағы жылдың 30 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Амирхановтың төралығымен, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Н.Л. Бепееваның, Шығыс Қазақстан облысының прокуратура басқармасының прокуроры Д.Қ. Базылханның, Полиция департаменті өкілінің және Шығыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 669-бабына сәйкес борышерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында жеке сот орындаушылардың материалдары бойынша борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.