Салтанатты жиын ұйымдастырылды

Салтанатты жиын ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 23 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде Республика күні мерекесі қарсаңында департамент қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, ерекше нәтижелерге қол жеткізген бірқатар Әділет департаментінің қызметкерлері және облыстың заң қауымдастығының өкілдері марапатталды.

Мерекелік шараның мазмұнын департамент қызметкерлерінің балаларының орындауындағы концерттік бағдарлама толықтырды. Жас бүлдіршіндердің өнері қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен патриоттық рух сыйлады.

Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DQMQx6MDIe5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==