«Халық заңгері» республикалық акциясы

«Халық заңгері» республикалық акциясы

📢 Маңызды жаңалық‼️

🕘 31 қазан күні сағат 17:00-де еліміздің ірі қалалары мен елді мекендерінде бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады! 

❓ Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.

«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.

💼 Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

🆓️Кіру тегін!

🛡️ Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!