«Халық заңгері» республикалық акциясы

📢 Маңызды жаңалық‼️
🕘 31 қазан күні сағат 17:00-де еліміздің ірі қалалары мен елді мекендерінде бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!
❓ Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.
«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.
💼 Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
🆓️Кіру тегін!
📍ШҚО бойынша акцияның өтетін орындары:
• Өскемен қаласы – Сәтпаев көшесі, 51, «Maxi Mall» сауда орталығы;
• Риддер қаласы – Тәуелсіздік даңғылы, 14, Мәдениет сарайы;
• Алтай ауданы – Алтай қаласы, Садовая көшесі, 1, «Горняк» мәдениет үйі;
• Глубокое ауданы – Глубокое ауылы, Попович көшесі, 41, Абай атындағы мәдениет үйі;
• Тарбағатай ауданы – Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, 17, Мәдениет үйі;
• Самар ауданы – Самар ауылы, Самарға 100 жыл көшесі, 176, Универмаг ғимараты;
• Марқакөл ауданы – Марқакөл ауылы, Крахмаль көшесі, 67, аудан әкімдігі ғимараты;
• Катонқарағай ауданы – Катонқарағай ауылы, Абай көшесі, 80, «Катонқарағай халық мәдениеті және демалыс орталығы» КМКҚ;
• Үлкен Нарын ауданы – Үлкен Нарын ауылы, Абылай хан көшесі, 1, Мәдениет үйі;
• Зайсан ауданы – Зайсан ауылы, Шаймардан көшесі, 14, Мәдениет үйі;
• Шемонаиха ауданы – Шемонаиха қаласы, Астафьев көшесі, 58, Мәдениет үйі;
• Күршім ауданы – Күршім ауылы, Абылай хан көшесі, 86, Тұрар атындағы мәдениет үйі;
• Ұлан ауданы – Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 11, Ұлан сауда үйі.
🛡️ Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!