
Ағымдағы жылдың 22 қазанында «ZOOM» платформасы арқылы онлайн түрде, ШҚО Әділет департаментімен, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың, Шығыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабына сәйкес борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселері бойынша жиналыс өткізілді.
Кездесу барысында жеке сот орындаушылардың материалдары бойынша борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.