ҚР тұрғын үй заңнамасындағы жаңалықтар

ҚР тұрғын үй заңнамасындағы жаңалықтар

2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, кондоминиум нысанын басқарудың «жай серіктестік» формасы алынып тасталды. Енді тек екі басқару түрі қалады: «мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) және «тікелей бірлесіп басқару» (ТББ). Бұл ретте МИБ – заңды тұлға болып табылады және әділет органдарында міндетті түрде тіркеуден өтуі тиіс, ал ТББ – заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырылады.

Пәтер иелері кооперативтері (ПИК) басқарудың дербес нысаны мәртебесінен айырылды, енді олар бірнеше үйге қызмет көрсету үшін шаруашылық құрылымдар ретінде ғана әрекет ете алады, бірақ өздері басқарушы субъект бола алмайды.

Тұрғын үй заңнамасының өзгеруіне байланысты қоғамдастықта жұмыс істейтін пәтерлер меншік иелерінің тұтыну кооперативтері (ПМТК) және пәтерлер меншік иелері кооперативтері (ПМК) 2026 жылғы 17 шілдеге дейін барлық ПМТК және ПМК атауы келесі тіркесті қамтитын жаңасына өзгертіліп, қайта тіркеуден өтуі қажет: «пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі». Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің атауында "ПМК" аббревиатурасы пайдаланыла отырып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.

Егер қызметін жүзеге асыратын пәтерлер меншік иелерінің кооперативтері және  пәтерлер меншік иелерінің тұтыну кооперативтері қайта тіркеу рәсімінен өтпеген жағдайда, олар  тұрғын үй инспекциясының талабы бойынша сот актілері негізінде мәжбүрлеп таратылатын болады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің жаңа үлгілік Жарғысы бекітілді.

Алайда, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтерінің Жарғылары үлгілі болғандықтан, қайта тіркеуге қажетті құжаттар тізімінен алынып тасталды.

Осыған байланысты, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтері қайта тіркеуге келесі құжаттар ұсынылады: екі және одан да көп кондоминиум объектісінің пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналыстары өкілдік еткен өкілдерден тұратын ПМК, ПМТК қайта тіркеу жөніндегі бастамашыл топ отырысының хаттамасы; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек.