Ағымдағы жылдың 16 қазанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің әкімшілік бөлімімен Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі» КММ-нің оқушыларына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндіру және «Заң және Тәртіп» қағидатын ақпараттық жариялау мақсатында «Буллинг, Кибербуллинг, Интернет-алаяқтық» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында оқушылар буллинг кибербуллинг, интернет-алаяқтық ұғымдарымен, олардың салдарымен, түрлері мен формаларымен танысты. Дәріс соңында оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарына жауаптар берілді.