Жұмыс кездесуі өткізілді

Жұмыс кездесуі өткізілді

2025 жылдың 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшының м.а. А.Амирхановпен Шығыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен қатысуымен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты жер учаскелерін алып қою туралы сот шешімдерін орындаудың бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін дамыту мақсатында жер телімдерін алып қою бойынша сот актілерін орындауда бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін дамыту мақсатында кездесу өткізілді.
Отырыс барысында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жер учаскесінің бастапқы құнын белгілеу, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сот актілерін орындау бөліктеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі талқыланды.
Сонымен қатар, сот орындаушыларға сот актілерін орындауда, жерді мәжбүрлеп алып қою барысында, қолданыстағы жер қатынастары аясындағы заңнамаларды басшылыққа алу тапсырылды.