ҚР Президентінің Жарлығымен судья тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен судья тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Рахимова Диана Тимуровна Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының соты болып тағайындалды.

Ол әділет органдары жүйесінде әртүрлі лауазымдарда қызметтер атқарған, атап айтқанда – бас маманы, сот орындаушы, бөлім басшысы. Өзінің кәсіби қызметінде ол заңнаманы терең меңгерген, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын және кәсіби этиканың жоғарғы деңгейінде ие жоғары білікті маман ретінде танылды.

Әділет департаментінің ұжымы Диана Тумуровнаны мемлекет Басшысы тарапынан көрсетілген жоғарғы сеніммен шын жүректен құттықтайды және сот төрелігін қамтамасыз ету мен заң үстемдігін нығайту жолындағы қызметіне табыс тілейді.