2025 жылғы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі ШҚО нотариаттық палатасының төрайымы Ж.Бидельмановамен бірлесіп, облыс нотариустарының қатысуымен «Атқарушылық жазба» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында жекеше нотариустардың атқарушылық жазбаларды жасау және оларды жою кезінде жиі жіберілетін жүйелі бұзушылықтардың негізгі санаттары, сондай-ақ нотариустармен нотариаттық әрекеттерді орындау кезінде ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жұмыс істеу «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытыныдысы бойынша қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Департамент қызметкерлері семинар қатысушыларына тақырып бойынша жұмысқа пайдалануға арналған жадынамалар таратты.
https://www.instagram.com/reel/DOu5EHziCZ9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=eTFkMHh1cXJ4emg2