Әділет министрлігі ЖСО Республикалық Палатасымен бірлесіп жаңа Adilet қосымшасын іске қосты

Әділет министрлігі ЖСО Республикалық Палатасымен бірлесіп жаңа Adilet қосымшасын іске қосты

Оны пайдаланып, Сіз уақытыңызды үнемдейсіз. Мысалы, сот орындаушының кеңсесіне бармай-ақ қаулыларын жүктеп ала аласыз. Ол үшін QR-кодын сканерлеу жеткілікті.

Екіншіден, жеке сот орындаушысымен тікелей байланыса аласыз. Ол үшін Тараптар кабинетіне кіріп, өтініш жазсаңыз, 5 күн ішінде сот орындаушысынан жауап аласыз.

Егер сот орындаушысы жауап бермесе, шағым одан әрі-өңірлік палатаға кетеді.
Егер палата жауап бермесе, өтініш автоматты түрде әділет департаментіне түседі. Яғни, өндіріп алушыға Е-өтініш арқылы шағымды палатаға немесе прокуратураға жазып, бірнеше апта бойы жауап күтудің қажеті жоқ.

Тараптар кабинетінде өндіріп алушы ЖСО қандай шаралар қабылдағанын және қабылдамағанын көреді.

Үшінші артықшылығы – қосымша Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде мәліметтерді іздеуді жүзеге асырады.

Төртіншіден, сізге қандай шектеу қойылғаны туралы ақпарат ала аласыз. Бесіншіден қолданба атқарушы құжатты іздеуге, оның орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді.

"Adilet" қосымшасы - бұл атқарушы өндіріске жылдам қол жеткізу жолы. Ол атқарушылық іс-әрекеттер ашықтығын және мәжбүрлеп орындау шараларының уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Қосысмшаны Google Play https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.adilet.aisoip&hl=ru
мен AppStore-дан https://apps.apple.com/kz/app/adiletgov/id6474442608 жүктеп ала аласыз.