"Әділет кеңес береді" акциясы өткізілді

"Әділет кеңес береді" акциясы өткізілді

10.09.2025 жылы Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен, Полиция департаментімен және Заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен Өскемен қаласының жаяу жүргіншілер көшесі «Арбатта» «Әділет кеңес береді» атты акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында қала тұрғындарымен қатар, ауылдық жерлерден келген азаматтар да тегін әрі кәсіби заңгерлік кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Өтініштердің басым бөлігі интернет-алаяқтық, жеке тұлғалардың банкроттығы, атқарушылық жазбаны, мұраны ресімдеу, авторлық құқықтарды тіркеу, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу мәселелеріне қатысты болды.
Іс-шара соңында азаматтарға сауалнама жүргізілді, буклеттер таратылды.

https://www.instagram.com/reel/DOdZR5ICK-J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MTM1ZXQ5ejJpNG5nbA==