Хабарландыру

Хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Полиция департаментімен, Жеке сот орындаушылар палатасымен, Нотариаттық палатамен, Адвокаттар алқасымен және Заң консультанттары палатасымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде азаматтарға құқық консультациялар беру мақсатында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, жаяу жүргіншілер көшесі "Арбат".

Уақыты: 17:00.

Барлық сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 8 (7232) 70-41-55 нөмірі арқылы хабарласуға болады.