ШҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кездесу өткізілді

ШҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кездесу өткізілді

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 29 тамызында ШҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында, палата қызметкерлерімен және Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен «Зияткерлік меншік нысандарына құқықтық қорғау» тақырыбында «кездесу» өткізді.

«Кездесудің» мақсаты кәсіпкерлердің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғау саласындағы хабардарлығын арттыру болып табылады.

«Кездесу» барысында кәсіпкерлер мен қызметкерлерге авторлық құқықтарды қорғау, тауар белгілерін, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінім беру тәсілдері түсіндірілді.

Қорытындылай келе, қатысушылармен пікір алмастырылып, сонымен қатар ақпараттық брошюралар таратылды.