Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылдың 29 тамызында Әділет департаментінің қызметкерлеріне Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат барысында Департамент қызметкерлері қасиетті өлкеміздің тарихымен, музей экспонаттарымен, өлкеміздің салт-дәстүр, мәдениетін танытатын құндылықтармен танысты.
Музей экспонаттары тарих қойнауынан сыр шертетін қазақ халқының ерекшелігін паш етеді.
Іс-шара соңында Әділет департаментінің қызметкерлері музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DN7_E78CL4_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MWpvaHl5Nm05aGx0eQ==