"Ашық есік күні" акциясы өткізілді

"Ашық есік күні" акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 15 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Шығыс Қазақстан облысының аумақтық адвокаттар алқасымен бірлесе отырып аумақтық адвокаттар алқасының алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай тегін заң көмегін көрсету бойынша "Ашық есік күні" акциясы өткізілді.

Акцияға Әділет департаменті басшының м.а. А.Амирханов қатысты.

Іс-шараның мақсаты құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін түсіндіру.

Тұрғындар зейнеткерлерге қатысты алаяқтық әрекеттер, жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу,жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелері, кредиттік міндеттемелер, некені бұзу, пәтерде қайта жоспарлауды тіркеу, зейнетақыны есептеу, зейнетақы жинақтарын алу, бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлу, рақымшылық жасау бойынша сұрақтармен жүгінді.