Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу шеңберіндегі құжаттарды салтанатты түрде тапсыру

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу шеңберіндегі құжаттарды салтанатты түрде тапсыру

Ағымдағы жылдың 15 тамызында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу аясында, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ШҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен, "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп ATAZAN челлендж өткізді, іс-шара барысында салтанатты түрде алғаш рет Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігі мен паспортын алған тұлғаларға құжаттарды табыс етті.