Ағымдағы жылдың 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментімен «АМАNАТ» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - азаматтарға, тегін заңгерлік көмегін көрсету, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын түсіндіру.
Акция барысында азаматтарға цифрлық сенімхатты рәсімдеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, алимент өндіріп алу, интернет-алаяқтық, мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.