«Әр азаматқа - заңды көмек!» акциясы өткізілді

«Әр азаматқа - заңды көмек!» акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 13 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Шығыс Қазақстан облысының аумақтық Нотариаттық палатасымен бірлесе отырып аумақтық нотариаттық палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Әр азаматқа - заңды көмек!» акциясы өткізілді. Акцияға Әділет департаменті басшының м.а. А.Амирханов қатысты.
Тұрғындар мұраны, өсиетті ресімдеу, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу, туу және қайтыс болу туралы мұрағаттық анықтамалар алу, жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару мәселелері, алаяқтық әрекеттерге байланысты жылжымайтын мүліктен және банктік шоттардан тәркілеуді жою бойынша сұрақтармен жүгінді.