Халықпен кездесу өткізілді

Халықпен кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Риддер қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі Риддер қаласының жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, «Аманат» партиясының қалалық филиалында халықпен «Жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстанда қарыздарды өндіріп алу процесін жеңілдетуге және жеделдетуге арналған «Цифрлық сот орындаушысы» жобасы іске асырылып жатқандығы, оның ішінде оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде процесті автоматтандыру адами факторды алып тастауға және өндіріп алу рәсімін ашық әрі әділ етуге мүмкіндік бергені атап өтілді.