
Ағымдағы жылдың 09 шілдесінде сағат 09:00-де Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің "Instagram" әлеуметтік желі парақшасында Шығыс Қазақстан облысының Нотариаттық палатасының жекеше нотариусы Гаухар Маликовна Оразханованың қатысуымен «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талабы тақырыбында тікелей эфир өтеді.
Тікелей эфир тақырыбындағы сұрақтар тікелей эфирге дейін хабарламамен Direct-ке, немесе 8 (7232) 70-41-55 телефон нөмірі бойынша сондай-ақ тікелей эфир кезінде қабылданады.