2025 жылғы 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімімен "Мүлік иелерінің бірлестігі" ұйымдық-құқықтық нысанымен заңды тұлғаларды басқару органдарының (бұдан әрі-МИБ) қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының, Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарының негізгі ережелері баяндалды. Тұрғын үй заңнамасына енгізілген жаңалықтарды ескере отырып, бүгінгі күні «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында меншік иелері бірлестігін бастапқы тіркеу тәртібі, төрағаны ауыстыру шарттары мен тәртібі түсіндірілді. МИБ тіркеу, жаңа төраға сайланған жағдайда төрағаны ауыстыру кезінде туындайтын проблемалық мяселелер талқыланды. Үзілістер мен тіркеуден бас тарту негіздері, оларды жою және алдын алу жолдары қарастырылды.
«УправДом» платформасы арқылы МИБ тіркеуге ерекше назар аударылды.