Ағымдағы жылдың 24 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясының маңыздылығы түсіндірілді, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін сезінуін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара болып табылады. Мұндай іс-шаралар қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.