Әділет Департаментінің ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

Әділет Департаментінің ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінің ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Іс-шара облыстың заң қоғамдастығы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілінің қатысуымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты- халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету.

Акция барысында азаматтарға цифрлық сенімхатты рәсімдеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, алимент өндіріп алу, интернет-алаяқтық, мәселелері бойынша кеңестер берілді.