Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Өскемен қаласының №3 бөлімінің халыққа қызмет көрсету базасында заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, азаматтық хал актілерді тіркеу және ресми құжаттарға апостиль қою саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында реттелетін заңнамалық актілердің негізгі ережелері көрсетілген. КЕАҚ қызметкерлеріне 01.05.2025 жылы Германияның неке және отбасы заңнамасына өзгерістер енгізілгені туралы хабарланды, онда ерлі-зайыптылардың екеуіне де ортақ неке тегі ретінде, сондай-ақ олардың балаларына қос фамилия беру мүмкіндігі ашылды. Бұл жаңашылдық Германиядан тыс жерде тұратын неміс азаматтарына да қатысты. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу және апостиль қою саласында құжаттар бойынша қажетті тізбе айтылды, фронт-офис қызметкерлері оларды қабылдау кезінде жіберетін бұзушылықтар мен қателер талқыланды. Тіркеуші органның қызметкерлері 1.26. тармақты орындау шеңберінде коммерциялық заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу саласында тоқсан сайынғы талдау жүргізу қажеттігі туралы хабардар етілді. АХАТ және жылжымайтын мүлік саласындағы проблемалық мәселелер де қаралды. Электрондық қызметтерге еренкше назар аударылды.

Іс-шараның нәтижелері бойынша қатысушыларға қажетті консультациялық заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.