
Ағымдағы жылдың 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Өскемен қаласының №2 бөлімінің халыққа қызмет көрсету базасында азаматтық хал актілерін тіркеу және ресми құжаттарға апостиль қою мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында көрсетілетін қызметті алушыларға egov.kz. «электрондық үкімет» порталында қызметке тапсырыс беру жолымен e-Apostille компоненті бойынша электрондық апостиль қоюдың жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді. Қызығушылық танытқан үміткерлерге әрекеттер алгоритмі және онлайн-өтінімді берудің қадамдық бизнес-процесі көрсетілді. Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша да кеңестер берілді.
Халықпен кездесуден кейін «ХҚКО» №2 бөлімшесінің қызметкерлеріне ресми құжаттарға апостиль қою саласындағы мемлекеттік қызмет мәселесі бойынша семинар өткізілді.
Семинарда реттелетін заңнамалық актілердің негізгі ережелері көрсетілген. Апостиль қою саласында құжаттар бойынша қажетті тізбе айтылды, фронт-офистердің қызметкерлері оларды қабылдау кезінде жіберетін бұзушылықтар мен қателер талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі проблемалық мәселелер де қаралды. Электрондық қызметтерге, олардың санын арттыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шараның нәтижелері бойынша қатысушыларға қажетті консультациялық заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.