🔹️ Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 18 маусымында азаматтарға құқық консультациялар беру мақсатында «Ашық есік күні» акциясы өткізілетіні туралы хабарлайды.
🔹️Өтетін орны: Өскемен қаласы, Шәкәрім данғылы, 6, Әділет департаментінің ғимаратында, 1 қабат.
🔹️Акцияға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, Адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатасының, Жеке сот орындаушылар палатасының және
Заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады.
🔹️Барлық сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 8 (7232) 70-41-55 нөміріне хабарласуға болады.