«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 12 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментімен, облыстың заң қоғамдастығы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдерінің қатысуымен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Өскемен қаласының №3 бөлімінде «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - азаматтарға, тегін заңгерлік көмегін көрсету, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын түсіндіру.

Акция барысында азаматтармен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, мұраны ресімдеу, атқарушылық жазбаны рәсімдеу, алимент өндіру, интернет-алаяқтыққа қатысты сұрақтар қойылды.

Іс-шараның соңында Әділет департаментімен азаматтарға сауалнама жүргізілді.