🔹️Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 12 маусымында азаматтарға құқық консультациялар беру мақсатында
«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілетіні туралы хабарлайды.
🔹️Өтетін орны: Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37А, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Өскемен қаласының #3 бөлімі.
🔹️Уақыты: сағат 10:00.
🔹️Акцияға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, адвокаттар алқасының, нотариаттық палатасының, жеке сот орындаушылар палатасының және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады.
🔹️Барлық сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 8 (7232) 70-41-55 нөміріне хабарласуға болады.