Тұрғындармен кездесу

Тұрғындармен кездесу

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын іске асыру және халықпен кері байланыс орнату мақсатында ағымдағы жылдың 16 мамырында Павлодар облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Алма Әбілқасова мен адвокат, нотариус және жеке сот орындаушысы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Май ауданы Баскөл, Кеңтөбек ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Көшпелі іс-шараны өткізу барысында әділет органдарының қызметкерлері мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібін түсіндіріп, әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша білікті кеңес берді, қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу, электрондық сенімхатты ресімдеу, берешекті өндіріп алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі түсіндірілді. Азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.